00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

18.04.2023 | 23:00
55
фото: olympic.kz

Дзюдодан Қатар астанасы Дохада өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды, деп хабарлады Elorda.info ҚР Дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлем біріншілігі 7-14 мамыр күндері өтеді деп жоспарланған.

Қазіргі таңда ұлттық құрама спортшылары әлем чемпионаты алдындағы қорытынды оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр.

Дохада өтетін дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі келесідей:

Ерлер:

60 келі: Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев

66 келі: Ғұсман Қырғызбаев

73 келі: Жансай Смағұлов, Данияр Шамшаев

81 келі: Абылайхан Жұбаназар

90 келі: Дидар Хамза, Айдар Арапов (mix team)

100 келі: Нұрлыхан Шархан

100 келіден жоғары салмақ дәрежесі: Ғалымжан Қырықбай

Әйелдер:

48 келі: Абиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева

52 келі: Толғанай Әбеуова

57 келі: Бақыт Құсақбаева

63 келі: Эсмигуль Куюлова

70 келі: Анастасия Маякова

78 келі: Аруна Жангельдина

78 келіден жоғары салмақ дәрежесі: Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова

Естеріңізге сала кетейік, Дохада өтетін әлем чемпионаты Париж Олимпиадасы алдындағы соңғы әлем біріншілігі болып саналады.

Жарыс нәтижесі бойынша спортшылардың әлем және Олимпиада рейтингтеріне тиісті ұпайлар үлестіріледі.

Атап айтқанда, әлем чемпионы – 2000, күміс жүлдегер – 1400, ал қола жүлдегер 1000 ұпайдан еншілейді.

Барлық жаңалықтар