00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Чемпиондыққа жетелеген арман»: Отандық спортшылар жайлы кітап жарыққа шықты

07.12.2023 | 14:17
67
Фото: дереккөз

Қазақтың көк туын халықаралық жарыстарда желбіретіп жүрген танымал спортшылардың өмірі жайлы кітап таныстырылды, деп хабарлады Elorda.info тілшісі. 

Бекзат Саттарханов, Ольга Рыпакова Елдос Сметов сынды 17 спортшының балалық шағы, спорттағы жолын баяндайтын «Чемпиондыққа жетелеген жол» атты туындыны таныстыру іс-шарасы өтті. 

Өмір бойы қоғамға пайдасын тигізетін кітап жазуды армандадым. Тіпті 2 мәрте жазған шығармамды сол күйі шығармадым. Міне енді күтпеген жерден еліміздің талантты спорт жұлдыздарының өмірі туралы кітапты жазып шықтым. Неге? Себебі, көпшілік әр спортшының бәсекесін тек 4 жылда бір рет өтетін Олимпиадада ғана тамашалап, сол бойынша қорытындысын шығарады. Алайда отандастарымыздың Олимпиадада өнер көрсету үшін төккен тері, қиыншылығы кадрдан тыс қалады. Міне осындай ерекшеліктерді көрерменге таныстырғымыз келді.

200 беттен асатын кітапты жазуға 6 айдан астам уақыт кетті. Ең оңай кейіпкер Дмитрий Баландин деп айтар едім. Өйткені мен оның өмірімен кітабыма кіріскен едім. Дәл осылай алда қаншалықты қиындық күтіп тұрғанын болжай алмадым, деді кітап авторы Унзила Мыңбай.

Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл кітаппен шектеліп қалғысы келмейді. Егер кітап қоғамның сұранысына ие болса, тағы да өзге спортшылардың өмірбаянын жарыққа шығаруды көздейді. 

14525c24-2074-45bf-bb3a-4146a74366d0.jpg

2008 жылы Илья Ильин Бейжің Олимпиадасында топ жарғанда мен де көк туымызды желбіреткім келді. Қай спорттан бастасам болады деп басымды қатырдым. Бокстағы бәсекелестікті ескеріп, чемпион болу өте қиын екенін білдім. Күрес ұнамады. Тағы да 1-2 спортқа қатыстым. Кейін Орал қаласында мұз айдыны ашылып, шорт-трекке қатысуға шақырды. Қандай спорт екенін білмей, бағымды сынауға бел байладым. Нәтижесінде 2 Олимпиадаға қатыстым.

Осындай кітапқа кейіпкер болғаныма әрі шыққанына өте қуаныштымын, деп шорт-трекші Абзал Әжіғалиев өз пікірін білдірді.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар