00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Бокс: Соңғы 30 жылда әлем чемпионаттарында еліміздің атынан кімдер өнер көрсетті

01.05.2023 | 16:42
56
Фото: ашық дереккөз

Бүгін Ташкентте өтетін әлем чемпионатының алғашқы күні 2 боксшымыз шаршы рингке көтеріледі, деп жазады Elorda.info.

60 келіде сынға түсетін Талғат Сырымбетов алғашқы жекпе-жегін А рингінің 15-жұбында Таиланд боксшысы Сакда Руамтхаммен өткізеді. Ал 92 келідегі Айбек Оралбай Б рингінің 17-жұбында 2019 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері Радослав Панталеевпен жұдырықтасады.

Боксты Qazsport телеарнасынан кешкі сағат 18:00-де тікелей эфирден көре аласыз.

1993 жылдан бері алғашқы жекпе-жекті қалай өткіздік?

1993 жыл. Тампере.

51 келіде сынға түскен Бектас Әбубәкіров 1/16 финалда Солтүстік Кореяның боксшысы О Хиок Сонды 2-раундта техникалық нокаутпен жеңген.

1995 жыл. Берлин.

75 келіде жекпе-жекке шыққан Ермахан Ыбырайымов 1/32 финалда Венгрия боксшысы Золт Ердейден 5:8 есебімен жеңілген.

1997 жыл. Будапешт.

51 келіде жұдырықтасқан Болат Жұмаділов 1/16 финалда Мексика боксшысы Мартин Кастильоны 3-раундта нокаутпен жеңді.

1999 жыл. Хьюстон.

51 келіде бақ сынаған Болат Жұмаділов 1/16 финалда Түркия боксшысы Сүлейман Пекдоганды 8:5 есебімен жеңді.  

2001 жыл. Белфаст.

67 келіде сынға түскен Батырхан Жақсыбаев 1/32 финалда Франция боксшысы Хавиер Ноелді 5:4 есебімен  жеңді.

2003 жыл. Бангкок.

48 келіде рингке шыққан Батырхан Жақсыбаев 1/16 финалда Украина боксшысы Георгий Чигаевті 27:21 есебімен  жеңді.

2005 жыл. Мяньян.

54 келіде жұдырықтасқан Міржан Рақымжанов 1/32 финалда Өзбекстан боксшысы Боһодрион Сұлтановтан 18:26 есебімен жеңілген.

2007 жыл. Чикаго.

54 келіде сынға түскен Міржан Рақымжанов 1/32 финалда Нигерия боксшысы Соумана Ниаду Абдулайені 3-раундта нокаутпен жеңген.

2009 жыл. Милан.

48 келіде қолғап түйістірген Әділет Қапезов 1/32 финалда Таиланд боксшысы Кэу Понгпраюннан 4:14 есебімен жеңілген.

2011 жыл. Баку.

49 келіде рингке шыққан Біржан Жақыпов 1/32 финалда Куба боксшысы Йосвани Вейтиядан 11:21 есебімен жеңілді.

2013 жыл. Алматы.

49 келіде бақ сынаған Біржан Жақыпов 1/32 финалда Ресей боксшысы Белик Галановты 3:0 есебімен жеңді.

2015 жыл. Доха.

52 келіде жұдырықтасқан Олжас Сәттібаев 1/16 финалда Украина боксшысы Игорь Сопинскийді 2:1 есебімен жеңді.

2017 жыл. Гамбург.

49 келіде жекпе-жекке шыққан Ержан Жомарт 1/16 финалда Гватемала боксшысы Майкл Теллоны 5:0 есебімен жеңді.

2019 жыл. Екатеринбург.

81 келіде бақ сынаған Бекзад Нұрдаулетов алғашқы жекпе-жегінде Оңтүстік Корея боксшысы Хонг Хингті 5:0 есебімен жеңді.

2021 жыл. Белград.

67 келіде сынға түскен Абылайхан Жүсіпов алғашқы жекпе-жегінде Тайпей боксшысы Лин Юды 5:0 есебімен жеңді.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар