00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстандық гимнасшы әлем кубогында күміс жүлдеге қол жеткізді

03.04.2023 | 12:36
46
Фото: ашық дереккөз

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Эльжана Таниева Болгария астанасы София қаласында өткен әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлады Elorda.info

Отандасымыз таспамен жаттығуда 30,900 ұпай жинап, жүлделі екінші орынға қол жеткізді. Бұл бәсекеде өзбекстандық Тахмина Икромова жеңімпаз атанса, Барбара Домингос (Бразилия) жүлделі үшінші орын алды. 

Эльжана ұршық жаттығуы бойынша 5-орын, доп жаттығуында 6-орынға тұрақтады. 

Болгарияда өткен әлем кубогы кезеңіне әлемнің 28 елінен келген 50-ге жуық спортшы қатысты.

Барлық жаңалықтар