00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Қазақстан құрамасы Еуропа кубогінде көш бастады

01.08.2023 | 08:33
58
Фото: дереккөз

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Германияда жастар арасындағы Еуропа кубогіне қатысты, деп хабарлады Elorda.info

Екі күнге созылған байрақты бәсекеде ел құрамасы 3 алтын, 5 күміс және 2 қола жүлдемен жалпы медаль кестесінде бірінші орынды иеленді. 

Аман Бақытжан (60 кг), Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 кг), Максим Мейірлан (81 кг) алтын алса, Нұрайлым Сәрсенбек (48 кг), Аружан Ережепова (52 кг), Жалғас Хайрулла (81 кг), Құдірет Досымов (90 кг), Карина Такиева (+78 кг) күміс медаль жеңіп алды. Ал Жанарыс Рахметқали (66 кг) мен Нұржан Бисенов (81 кг) қола жүлдені қанағат тұтты.

Айта кетерлігі, Еуропа кубогіне барлығы 29 елден 300-ге жуық жас татами шеберлері қатысты. 

Барлық жаңалықтар