00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанада өтетін Grand Slam турнирінде ел намысын кімдер қорғайтыны анықталды

30.04.2024 | 18:03
104
Астанада өтетін Grand Slam турнирінде ел намысын кімдер қорғайтыны анықталды
Фото: дереккөз

10-12 мамыр күндері Астанада өтетін дзюдодан әлемдік Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды, деп хабарлады Elorda.info

Турнир өз елімізде өтетіндіктен, әр салмақта төрт балуаннан қатысуға рұқсат берілген. 

Ерлер: 

60 келі: Елдос Сметов, Мағжан Шамшадин, Шерзод Давлатов, Дәурен Сүйеукенов;

66 келі: Ғұсман Қырғызбаев, Жанарыс Рахметқали, Есет Қуанов, Нұрсұлтан Зайзағалиев;

73 келі: Жансай Смағұлов, Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов, Бақытжан Әбдірахманов;

81 келі: Абылайхан Жұбаназар, Руслан Мұсаев, Жалғас Қайролла, Мәди Амангелді; 

90 келі: Айдар Арапов, Ермахан Әнуарбеков, Құдырет Досымов, Мұхамедәли Мавлидов; 

100 келі: Нұрлыхан Шархан, Ислам Бозбаев, Әділет Сапарғалиев, Бекзат Шағатаев; 

+100 келі: Ерасыл Қажыбаев, Еламан Ерғалиев, Мәди Еділбаев, Ғалымжан Қырықбай. 

Ал қыздар арасындағы бәсекеге Абиба Әбужақынова қатыспайды. Олимпиадалық рейтингте ұпайын түгендеп алған спортшы әлем чемпионатында өнер көрсетуді мақсат етіп отыр.

Барлық жаңалықтар