00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанада көше және ұлттық ойындар жарысы өтті

24.06.2023 | 16:18
63
Фото: Elorda.info

Қала күніне орай Студенттер саябағында 15-тей көше және ұлттық ойындар бойынша сайыс ұйымдастырылды, деп хабарлады Elorda.info.

«Ұрпақтар Үні» жобасы аясында өткізілген турнирде қала тұрғындары, жастар мен жасөспірімдер BMX (велосипедтегі мотокросс), скейтбординг, стритбол, street workout, брейк батл, роллинг, ләңгі тебу, садақ ату, асық т.б ойындарында бақ сынады.

Спорттың бір ғана емес, бірнеше түрі қамтылған іс-шарада баламды күрес бәсекесіне әкеліп едім. Өкінішке қарай, ұлым өз салмағында жүлдеге ілікпеді. Бірақ бүгінгі турнирде алғаш рет садақты қалай ату керектігін үйрендім. Бастапқыда жебем нысанаға мүлдем дарымаса, бірнеше рет атқан соң, кәдімгідей тәжірибе жинадым. Өзім садақ атуды жоспарлап келмесем де, күтпеген жерден бас жүлдені олжаладым. Өте қуаныштымын - деп, садақ атудан ересектер бәсекесінде чемпион атанған Аманжол өзінің сезіміне ерік берді.

садақ.jpg

Бүгінгі жарыстың бір ерекшелігі – тек қана балалар ғана емес, ересектер де өздерінің жанына жақын спорт түрлерінде сынға түсті.

Жарыстың ұйымдастырушысы  «Астана жастары» ЖРО» КММ Жастар бастамаларын қолдау бөлімінің басшысы. 

Ұрпақтар Үні» жобасы аясындағы іс-шарамыз екінші мәрте өткізіліп жатыр. Басты мақсатымыз – ұлттық спорт пен көше ойындары спортымен айналысатындардың басын қосу. Былтыр алғаш рет қалай болар екен деп, жүзеге асырып едік. Сол сәтте 1000-ға жуық спорт сүйер жандар жиналған болатын. Биыл 15-тей спорт түрін қамтып, 1500-дай адам жиналды. Алдағы жылдары да дәстүрлі түрде өтетіне сенемін. Бастысы – келген азаматтарымызға жағымды эмоция сыйлай алсақ болғаны - деп, өз пікірін білдірді.

спртттт.jpg

Шынында да әр түрлі спортқа жиналған жасөспірімдердің қуаныштарында шек болмады. Мысалы, BMX сайысында топ жарған Давид есімді кейіпкеріміз сыйлық ретінде дауыс зорайтқыш бұйырғанда қатты таңғалғанын айтты.

Шынын айтсам, дәл осындай сыйақы аламын деп, ойламадым. Бір күні ата-анам әперер деп, күткенмін. Енді өзімнің жеке жеңісіме лайықты сый-құрмет білдірді деп, ойлаймын,- деді ол.

Жоба соңында барлық жеңімпаздар мен қатысушыларға диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Қанат Байұзақов

Барлық жаңалықтар