00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Асхат Тағыбергеннің голы турдың үздік голы номинациясына ұсынылды

01.04.2023 | 00:57
Елорда ақпарат
49

Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің 2-турындағы үздік голға үміткерлерді таныстырды, деп хабарлады Elorda.info.

Турдың ең әдемі голының авторы атағына үміткерлердің бірі – Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің Дания құрамасының қақпасына алыстан соққан голы.

Бұл номинацияда Асхаттың бәсекелестері – Букайо Сака (Англия), Андрей Бурка (Румыния) және Владислав Морозов (Беларусь).

Футбол жанкүйерлері УЕФА сайтында сәйкес гол эпизодының видеосының астындағы «ДАУЫС БЕРУ» түймесін басу арқылы үздік голға дауыс бере алады.

Барлық жаңалықтар