00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

АҚШ-та Головкиннің өмірі туралы кітап жазу ұсынылды

31.03.2023 | 23:08
Елорда ақпарат
45

Бокс шолушысы және публицист Берни Бармазель орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин туралы болашақта кітап жазылуы керек деп санайды, деп хабарлады Elorda.info.

Sports.kz сайтының жазуынша, бұған дейін Бернидің әріптесі Стив Ким Twitter-дегі жазбасында «Дүкен сөрелерінен қазіргі қай боксшының өмірбаяны немесе мемуары жазылған кітапты көргіңіз келеді?» деп сұраған.

Қазіргі спортшылардың арасынан қай боксшы туралы кітап жазуға, деректі фильмдер түсіруге болады? Ондай боксшылар бар ма? Мүмкін Канело? Мен Энтони Джошуа туралы бір жазылған кітап бар екенін білемін, - деп жазды Ким.

Бармазель GGG-ді спортшы ретінде қалыптасуының қызықты тарихын ескере отырып, лайықты үміткер деп атады.

GGG-дің 2012 жылдың 1 қыркүйегінде HBO-дағы дебютінен бастап 2016 жылдың 10 қыркүйегінде Келл Брукпен жекпе-жекке дейінгі кезеңі оның жұлдызды сәті болды. Төрт жыл ішінде халықаралық бокстағы нағыз жұлдыз болды. Америкаға келіп, рингте кездескендердің барлығын құлатты, екі жағалауда да аншлагтар ұйымдастырған, HBO-да ең ірі телерейтингтер көрсеткен Қазақстаннан келген жігіт, - деп еске алды ол Геннадийдің еңбегі туралы.

Барлық жаңалықтар