00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Олимпиадада өз күшімізбен «алтын» ала алсақ, француз бапкерлерін шақырмас едік – Асхат Жіткеев

31.03.2023 | 23:07
Аяулым Алтынбек
50

Елімізге Қазақстан дзюдо федерациясының шақыртуымен үш дүркін Олимпиада чемпионы Тедди Ринер шақыртылғаны белгілі. Ол Алматы қаласындағы Дзюдо академиясында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, тәжірибесімен бөлісті. Elorda.Info тілшісі отандық Дзюдо федерациясының неліктен мұндай қадамға барғанының жай-жапсарын білуге тырысты.  

Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Жіткеевтің айтуынша, бұл – екіжақты бірлескен идея. Бұл идея француздар тарапынан да қолдау тапқан көрінеді. 

Оқи отырыңыз: Grand Slam әлемдік додасы еліміздің қай қалаларында өтеді

Әлемдік Grand Slam додасы «Qazaqstan barysy» атауымен өтеді

Олар елімізге келген соң жиындар, жаттығулар өткізілді. Оған 25 түйе палуан қатысты. Француз бапкерлерімен ақылдасып, өзіміздің мықты спортшыларымызды, түйе палуандарымызды «оятып» алайық дедік. Токио Олимпиадасында 100 жəне 100 келіден жоғары салмақта біздің елден ешкім күреспеді. Бұрын аса ауыр салмақта жақсы нәтижелер болса, қазір айтарлықтай көрсеткіш жоқ. Сондықтан осындай қадамға барып отырмыз. Алматы қаласындағы Дзюдо академиясында Ринер оқу-жаттығу жиынын өткізді. Жалпы мұнда 25 дзюдошы бар. Академиядағы дзюдошылардың барлығына Ринермен күресіп, психологиялық тұрғыдан жақсы дайындалуға мүмкіндік берілді, - деді А.Жіткеев.

Тағы оқыңыз: Қазақстан дзюдодан Grand Slam өткізуге қалай қол жеткізді

Асхат Жіткеев: Grand Slam жарысын өткізу – қазақ дзюдосы үшін үлкен мәртебе

Сондай-ақ Қазақстан ұлттық құрамасымен қазір екі француз бапкері жұмыс істеп жатқанын жеткізді бас хатшы. 

Француз бапкерлерінің жұмысы қазірдің өзінде нәтиже көрсете бастады. Мына соңғы медальдар сол жүйелі жұмыстың жемісі деп айтуға болады. Өйткені соңғы жарыстарда медаль алғандар – кілең жастар. Жұмыстың негізгі басты нәтижесін Олимпиада кезінде көретін шығармыз. Өзіміздің бапкерлеріміз бен француз жаттықтырушылары ортақ мақсатта, яғни жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін ауызбіршілікте бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Әрине, «арық айтып, семіз шыққаны» жақсы ғой, сол себепті төккен тер далаға кетпей, жақсы нәтиже көрсетеді деген үміттеміз, - деп түйіндеді ойын Федерация өкілі.

Барлық жаңалықтар