00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Геннадий Головкин IBF титулынан бас тартты

31.03.2023 | 22:47
Елорда ақпарат
44

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Халықаралық бокс федерациясының (IBF) орта салмақтағы чемпиондық атағын босату туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Elorda.info.

Boxingscene.com сайтының хабарлауынша, Геннадий міндетті бәсекелес бразилиялық Эскива Фалькаомен кездесуді қаламады.

Фалькао аустралиялық боксшы Майкл Зерафамен IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы чемпиондық титул үшін жұдырықтасады.

Еске салайық, Геннадий Головкин 2019 жылы украиналық Сергей Деревянченконы ұтып, IBF чемпиондық белбеуін жеңіп алған болатын. 40 жастағы қазақстандық WBA Regular титулын да иеленді.

Барлық жаңалықтар