00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Жүргізушінің кінәсі жоқ»: Конор МакГрегорды көлік қағып кетті

31.03.2023 | 22:25
Елорда ақпарат
31

Әйгілі UFC жұлдызы, ирландиялық спортшы Конор МакГрегорды көлік қағып кетті, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы спортшының өзі Instagram-парақшасында жазды.

Жаңа ғана мені көлік қағып кетті. Жүргізушінің кінәсі жоқ, оның көзі күнге шағылысты. Мені қатты жылдамдықпен соқты. Қуанышқа қарай, менің уақытым әлі келген жоқ. Күрес пен дзюдоға рахмет. Құлай алатыным менің өмірімді құтқарды, - деп жазды Конор МакГрегор.

Еске салсақ, ол екі салмақта бұрынғы UFC чемпионы саналады. Ол ережесіз жекпе-жекте 22 рет жеңіске жетіп, 6 рет жеңілген. Оның ішінде дағыстандық спортшы Хабиб Нурмогамедовтен де ұтылған.

Барлық жаңалықтар