00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Ел қоржынына Универсиаданың екінші алтыны түсті

31.03.2023 | 22:00
Айман Нығмет
31

Қазақстандық шаңғышы Данил Васильев АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан Универсиадада алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elorda.info Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Васильев қалыпты шаңғымен секіру жарысында жеңіске жетті. Бірінші талпыныста ол 127,2 ұпаймен бірінші орын алса, соңғы айналымда екінші (130,1) болып мәреге жетті.

Екі тәсілдің қосындысында қазақстандық австриялық Максимиллиан Линхерді (251,4) және Тимон Паскаль Кахоферді (248,8) басып озып, 257,3 үздік нәтиже көрсетті.

Басқа қазақстандық спортшылар келесідей нәтиже көрсетті: Сергей Ткаченко – жетінші (220,9), Никита Девяткин – тоғызыншы (216,2), Святослав Назаренко – 20 (147,3), Мағжан Амангелдіұлы – 21 (144,5). Васильевтің медалі Қазақстан үшін биылғы Универсиададағы екінші медаль болды.

Барлық жаңалықтар