00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстандық теннисшілер Делидегі жарыстың жеңімпазы атанды

31.03.2023 | 21:55
Елорда ақпарат
28

Қазақстандық теннисшілер Айя Нұпбай мен Асылжан Арыстанбекова Үндістан астанасы Делиде өткен екінші санаттағы J200 DELHI жарысының жеңімпазы атанды, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, Нұпбай мен Арыстанбекова 18 жасқа дейінгілер арасында еліміздегі ең табысты жұп болып саналады.

Олар финалда таилық дуэтті 6:3, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Былтыр қазақстандық жұп ITF Juniors сериясында жеті турнирде үздік шыққан болатын. Олар осымен 10 титулға қол жеткізді.

Жыл басында жеңіске жеткен маңызды. Қазіргі деңгейіме ризамын, бұдан кейін де бабымда боламын деп ойлаймын. Асылжанға рақмет, додада қиын матчтар болды. Біз содан сәтімен шыға білдік, – деді А.Нұпбай.

Бұл – Айя екеуміздің оныншы титулымыз. Жаңа маусым басындағы табыс тың жетістіктерге жетелейді, күш береді. Федерация мен Team Kazakhstan академиясының барлық бапкерлеріне алғыс айтамыз, - деді А.Арыстанбекова.

Барлық жаңалықтар