00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада көркем гимнастиканың үздіктері анықталды

31.03.2023 | 21:30
Елорда ақпарат
45

Астана қалалық Көркем гимнастика федерациясы спортта айтулы табысқа жетіп, әлемдік аренада талайды таңдай қақтырып, үздік нәтижеге жеткен аруларға құрмет көрсетті, деп хабарлады Elorda.info

Жылда дәстүрлі түрде өтетін шараға қатысқан Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев жыл үздіктерін құттықтап, номинациялық аталым бойынша сыйлықтарды табыстады. Сонымен қатар басқарма басшысы жеңісті сәттердің артында жаттықтырушылардың жемісті еңбегі тұрғанын да атап өтті. 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елордада бұқаралық спортты дамыту жолында көптеген іс-шаралар атқарылып жатыр. Жылдан жылға біздің спортшыларымыздың да жетістіктері ұлғаюда. Биыл гимнастшыларымыз үшін көптеген жетістіктерге толы болды. Олар халықаралық сындарда үздік нәтижеге қол жеткізді. Осы орайда әрбір жеңіс пен спорттық жетістіктің артында үлкен команданың – жаттықтырушылардың, спорт дәрігерлерінің, федерацияның орасан зор еңбегі тұрғанын атап өткім келеді. Алдағы келер жылы да спортта үміт артқан әрбір оғландарымыз сенімді толық ақтап, биіктен көрінеді деген ойдамын. Нәзік жандыларға тән үйлесімді көркем гимнастиканың спорт әлемінде алатын орны қашанда бөлек, – деді С.Жылқыбаев. 

Спорттағы сұлулықты, өнер мен спортты қатарынан алып жүрген жыл үздіктері: 

- «Жасөспірімдер арасындағы үздік спортшы» номинациясының жеңімпазы – Анель Дінішева;

- «Жастар арасындағы үздік спортшы» номинациясының жеңімпазы – Дария Көшербаева;

- «Негізгі құрама арасындағы үздік спортшы» номинациясының жеңімпазы – Сәбина Бақатова;

- «Жасөспірімдер арасындағы үздік жаттықтырушы» номинациясының жеңімпазы – Меруерт Балғынбаева;

- «Үздік жаттықтырушы» – Екатерина Панченко;

- «Үздік спортшы» – Айбота Ертайқызы;

- «Үздік көркем гимнастика мектебі» – ALEM; 

- «Үздік көркем гимнастика мектебінің жетекшісі» – Әсем Ахметжанова;

- «Негізгі құрама арасындағы үздік жаттықтырушы» номинациясының жеңімпазы – Светлана Красникова;

- «Жасөспірімдер арасындағы үздік топ» номинациясының жеңімпазы – Queens;

- «Жастар арасындағы үздік топ» номинациясының жеңімпазы – Грация;

- «Негізгі құрама арасындағы үздік топ» номинациясының жеңімпазы – Чемпионки;

- «Жасөспірімдер арасындағы үздік топ жаттықтырушысы» номинациясының жеңімпазы – Әлия Асымова;

- «Жастар арасындағы үздік топ жаттықтырушысы» номинациясының жеңімпазы – Оксана Нечитайло;

- «Негізгі құрама арасындағы үздік топ жаттықтырушысы» номинациясының жеңімпазы – Инга Старыгина;

- «Жыл серпіні – 2022» номинациясының жеңімпазы – Эрика Жайлауова;

- «Үздік төреші» номинациясының жеңімпазы – Екатерина Есикова;

- «Федерацияға еңбегі сіңгені үшін» номинациясының жеңімпазы – Ғайни Бекбосынова;

- «Үздік хореограф» номинациясының жеңімпазы – Шыңғыс Оспанбаев;

- «Жеңіске деген жігерлігі үшін» номинациясының жеңімпазы – Аяла Маматаева;

- «Қолдау» номинациясының жеңімпазы – «Мир танцев» дүкені.

Барлық жаңалықтар