00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада алғаш рет еркін күрестен халықаралық Wrestling stars турнирі өтті

31.03.2023 | 21:10
Елорда ақпарат
74

Елордада бүгін  алғаш рет еркін күрестен халықаралық Wrestling stars турнирі өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төреағасының орынбасары Бекболат Байжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени  даму комитетінің мүшесі Әлия Әбсеметова, қалалық спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев қатысты.

Армысыздар құрметті жарысқа қатысушылар мен қонақтар! Бүгін Астананың төрінде тұңғыш рет «Wrestling stars» халықаралық еркін күрестен жарыс өтіп жатыр! Осындай тартысты бәсекені тамашалауға келген барша қонақтар мен жанкүйерлерге,  Олимпиада ойындарының жүлдегерлері, әлем чемпиондары, сондай-ақ MMA шеберлері мен танымал блогерлердің басын қосатын Wrestlings Stars атты халықаралық додаға қош келдіңіздер деймін. Тартысты бәсекеде Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Әзірбайжан, Румыния, Эквадор және Қазақстан елінің палуандары мен әлем чемпиондары бақ сынауда. Атап айтқанда, 2016 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдгері Нұрлан Бекжанов, Олимпада және әлем біріншілігінің жүлдегері Нұрислам Санаев, ММА шебері Василий Тахтай, Tartyl Fest жобасының амбассадоры Айтым Жақыпов, актер Асылхан Төлепов және т.б. ең мықты спортшылар қатысып жатыр. Халықаралық жобаның ұйымдастырушысы Дәурен Еркінұлына алғысымды білдіремін. Палуандарға биік мансап пен сәттілік тілеймін, - деді қалалық спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев.

Жарысқа  7 мемлекеттің спортшылары мен танымал блогерлер және өнер жұлдыздары қатысты.  Олардың қатарында  Ресей,  Ұлыбритания,  Өзбекстан,  Қырғызстан,  Румыния,  Эквадор, Тәжікстан   және т.б. бар.

Бүгін елордада   алғаш рет еркін күрестен халықаралық Wrestling stars турнирі ойдағыдай өтті. Көңіл-күйіміз керемет. Осы сәтті пайдалана отырып, Мәдениет және спорт министрлігіне, Астана қаласының әкімдігіне алғысымды білдіремін, - деді жоба жетекшісі Дәурен Жабасов.

Барлық жаңалықтар