00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстандық теннисші Словакияда өткен турнирде жеңімпаз атанды

31.03.2023 | 20:05
Елорда ақпарат
46

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов жұптық сында Братислава қаласында (Словакия) өткен Peugeot Slovak Open челленджер турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Elorda.info.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, қазақстандық теннисші украиналық Денис Молчановпен бірге жүлде қоры 68 мыңдай еуроға бағаланған жарыста үздік шықты.
Доданың үшінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық-украиналық жұп финалда чех теннисшілері Петр Ноза - Андрей Полсонды 4:6, 6:4, 10:6 есебімен жеңді.
Осылайша А.Недовесов өзінің спорт жолында челленджер турнирлерінде 25-титулына қол жеткізді.
Соның үшеуін жекелей, 22-сін жұптық сында жеңіп алды.

Барлық жаңалықтар