00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Азия чемпионаты: Дариға Шәкімова жартылай финалға шықты

31.03.2023 | 19:52
Айман Нығмет
23

Иорданияның Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына сегізінші медаль түсті, деп хабарлады Elorda.info.

Рио олимпиадасының қола жүлдегері Д.Шәкімова бастапқы кездесуін үндістандық Пуджамен өткізді. 

Бірінші раундта төрешілердің төртеуі жеңісті үндістандық боксшыға берген. Дегенмен Дариға таразы басын өзіне аудара білді. Керісінше Дариға Шәкімованы қаусыра құшақтай берген Пуджа екі рет ескерту алды. 

Осылайша, Д.Шәкімова 70 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға шықты. Бұл – кемінде қола жүлде қолда деген сөз.

 

Барлық жаңалықтар