00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Астанада ұлттық мектеп лигасы ашылды

31.03.2023 | 18:28
Елорда ақпарат
17

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов елордалық №37 мектеп-лицейінде өткен Ұлттық мектеп лигасының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлады Elorda.info.

Министр былтыр оқушылар арасындағы Дүниежүзілік гимназиадаға қазақстандық оқушылар алғаш рет қатысып, командалық есепте үшінші орын алғанын атап өтті.

Дүниежүзілік гимназиадаға 64 мемлекет қатысты. Әрине, үздік нәтижелерге қол жеткіземіз деп үміттендік. Десе де балаларымыздың нәтижесі біз күткеннен де асып түсті. Командамыз жеңіске жетіп, гимназиадада құрметті үшінші орынды иеленді. Бұл балаларымыздың өте үлкен жетістігі. Алдағы жылдары да осы іс-шараларға қатысамыз, - деді министр Асхат Аймағамбетов.

Сондай-ақ ведомство басшысы 2022-2023 оқу жылында Ұлттық мектеп лигасына бірқатар жаңалық енгізілгеніне тоқталды. Биылдан бастап шахматтан жарыстар алғаш рет енгізіліп отыр.

Жақында ғана елімізге Халықаралық шахмат федерациясының басшысы келгенін білесіздер. Ол еліміздің Президентімен кездесіп, шахмат қозғалысын дамыту мәселесін талқылады. Бұған дейін Қасым-Жомарт Кемелұлы шахмат қозғалысын қолдау және дамытуға қатысты тапсырма берген болатын. Президент білім беру ұйымдарымызда мектеп лигасын да, жалпы дене шынықтыру спортын да дамыту жөнінде тапсырмалар берді. Сол себепті біздің министрлік осы бастаманың барлығын қолдап, дамытуға бар күш-жігерін салып жатыр, – деді Асхат Аймағамбетов.

Биыл да Лига арқылы дене шынықтыру мұғалімдерінің рейтингін өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ спорт федерацияларымен бірлесіп, мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстары өтеді.

Ұлттық мектеп лигасын Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы 2015 жылдан бері өткізіп келеді.

Лига төрт кезеңнен тұрады: мектепішілік іріктеу, аудандық/қалалық жарыстар, облыстық тур және қорытынды республикалық жарыстар.

Барлық жаңалықтар