00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

ІІІ Жазғы Сурдлимпиадалық спартакиада басталды

31.03.2023 | 16:53
Елорда ақпарат
23

Еліміздің мықты спортшылары дзюдо, таеквондо, жеңіл атлетика, үстел теннисі, т.б. бірнеше спорт түрлерінен өзара додаға түсуде. Елорда намысын 59 спортшы қорғап жатыр. Алғашқылардың бірі болып қол күресінен спортшылар  қоржынға 1 алтын, 2 күміс,1 қола медаль салды.

85 спортшының ішінен 100 келі салмақ дәрежесінде Ержан Хамзаев 1-орын алса, Све Ночевчук +70 келі, Нұргүл Шайхина 60 келі салмақ дәрежесінде 2 орынға жайғасты. Командалық сайыста ұпай санының көрсеткіші бойынша Нұр-Сұлтан қаласы 3-орынды иеленді.

Қол күресінен жарыс 9 салмақ дәрежесі бойынша өтті. Әр салмақ санатында шамамен 8-9 спортшы қатыстты. 15 облыстан 85 қатысушы бақ сынаған додада біздің команда 3-орын алып, топтан суырылып шыққанына қуаныштымын. Спортшыларыммен мақтанамын. Қатысушылардың барлығы мүмкіндіктерінше басымдық танытты. Дайындықтары өте жақсы. Қараша айында Ташкент қаласында  қол күресінен Азия кубогы өтеді. Енді дайындыққа кірісеміз. Алатын асуларымыз, бағындыратын белестеріміз әлі алда деп сенемін, -  деді қол күресі жаттықтырушысы Заир Ахмедов.

Гүлжан Уалиева

Барлық жаңалықтар