00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Данияр Шәмшиев дзюдодан Азия чемпионы атанды

25.02.2023 | 13:00
Елорда ақпарат
24

Қазақстандық Данияр Шәмшиев 73 келі салмақта чемпион атанды. Ол финалда өзбекстандық Муроджон Юлдошовты иппон әдісімен жеңіп, жарыс жеңімпазы атанды. Нәтижесінде белдесу уақытынан ерте тоқтатылды.

Бұған дейін хабарланғандай, әйелдер арасында Абиба Абужакынова (48 келі) күміс медаль алды. Ал ерлер арасында 60 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Мағжан Шәмшадин пен Ғұсман Қырғызбаевтың (66 келі) қола жүлдеге қол жеткізді.

Барлық жаңалықтар