00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Шахмат олимпиадасында қазақстандықтар төртінші рет жеңіске жетті

25.02.2023 | 12:46
Елорда ақпарат
48

Қазақстанның ерлер құрамасы Латвия шахматшыларымен кездесу өткізіп, 4:0 есебімен жеңіске жетті. Еліміздің атынан Ринат Жұмабаев, Әлішер Сүлейменов, Арыстанбек Оразаев және Қазыбек Нөгербек қатысты.

Олар бұған дейін Ливанды 4:0, Қытай Тайбейін 3:1, Марокконы 2,5:1,5 есебімен жеңіп, Тәжікстанға 1,5:2,5 есебімен есе жіберіп қойды.

Қазақстан әйелдер құрамасы кубалық қарсыластарымен кездесіп, 3-1 есебімен жеңіске жетті.

Құрама сапында Жансая Әбдімәлік, Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева және Гүлісхан Нахбаева өнер көрсетті.

Олар бұған дейін Перу мен Бельгияны 3:1, Гватемаланы 4:0 жеңіп, Моңғолиямен 2:2 есебімен тең түсті.

Барлық жаңалықтар