00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында медальдық есепте үшінші орын алды

25.02.2023 | 12:13
Елорда ақпарат
33

Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, Ташкентте 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды.

Жарысқа Қазақстан құрамасынан 22 спортшы – 13 бозбала мен 9 қыз қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша спортшыларымыз 47 медаль жеңіп алды, оның ішінде 10 алтын, 23 күміс және 14 қола бар, - делінген хабарламада.

17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы медальдық есепте Қазақстан құрамасы үшінші орын алды. Жеке рейтингте ұлдар – бірінші орын, қыздар сегізінші орынды иеленді.

Жасөспірімдер мен 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы жалпы категорияда Қазақстан құрамасы Азия құрлығында он бірінші орынға табан тіреді.

Барлық жаңалықтар