00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астаналық гимнастшылар Азия чемпионатынан олжалы оралды

25.02.2023 | 09:57
Елорда ақпарат
23

23 маусымда Паттайя (Таиланд) қаласында ересектер арасындағы 11-ші Азия чемпионаты және көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы 17-ші Азия чемпионаты өткен болатын.

Қыздардың жетістіктері мен алдағы жарыстары туралы Нұр-Сұлтан қаласының Көркем гимнастика федерациясының атқарушы директоры Жанат Мейрамұлы бөлісті.

Қорытындылай келе, көркем гимнастика бойынша ҚР бас жаттықтырушысы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әлия Юсупованың басшылығымен біздің бұрымдылар түрлі деңгей бойынша жалпы 13 медальге ие болды. Оның алтауы – алтын, бесеуі – күміс және екеуі – қола медаль. Алдағы жоспар – тамыз айында біз бірнеше ірі жарыстарға шақырту алдық. Яғни қыздарымыз көркем гимнастикадан тамыз айында Түркияда өтетін Ислам ынтымақтастық ойындарына және Румынияда өтетін Әлем кубогына баруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар қыркүйекте Болгарияда өтетін әлем чемпионатына да шақырту бар, - деді қалалық көркем гимнастиканың атқарушы директоры Жанат Мусин.

Аталған жарыста 17 елдің шебер қыздары жеке біріншілік және топтық жаттығуларда өнерлерін ортаға салды. Олар: Қазақстан, Таиланд, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Түркіменстан, Жапония, Оңтүстік Корея, Солтүстік Корея, Қытай, Малайзия, Шри-Ланка, Үндістан, Сингапур, Филиппин және Гонконг.

Азия чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан жасөспірімдер құрамасы командалық көпсайыста алтын, жеке бағдарлама мен доп тебуде алтын, құрсау, шоқпар және лентада үш күміс, топ ойыншылары көпсайыста және топта екі алтын, ал доппен жаттығуда қоланы жеңіп алды.

Барлық жаңалықтар