00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Ұландықтар әмбебап жекпе-жектен Әлем чемпионатының және самбодан Азия чемпионатының жүлдегерлері атанды

25.02.2023 | 08:16
Елорда ақпарат
21

Өзбекстан астанасында 26-30 мамыр аралығында жасөспірімдер мен ересектер арасында әмбебап жекпе-жектен әлем чемпионаты өтті.

Чемпионатқа 30 елден 600-ден астам спортшы қатысты.

Қазақстан ұлттық құрамасынан Ұлттық ұланның әскери қызметшілері шықты.5570 әскери бөлімінің әскери қызметшісі капитан Батырхан Әшірбеков 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медальға ие болды. 6655 әскери бөлімінің гвардияшысы сержант Берікболсын Өмірсеріков 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды,  – деп хабарлады Ұлттық гвардияның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, 2-4 маусым аралығында Джуния қаласында (Ливан Республикасы) самбодан Азия чемпионаты өтті, оған 20-дан астам елдің командалары қатысты.

6655 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Еламан Қойшыбаев күміс жүлдегер атанды.

Барлық жүлдегер-гвардияшылар әмбебап жекпе-жек пен самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерін тағайындау нормативін орындады.

Барлық жаңалықтар