00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Жас дзюдошылар Еуропа кубогінен алты медаль ұтып алды

25.02.2023 | 08:13
Елорда ақпарат
39

 

Атап айтқанда, жастар ұлдар құрамасынан 60 келіде Нұрқанат Серікбаев, 66 келіде Нұрсұлтан Зайзағалиев жарыста қарсылас шақ келтірген жоқ. 60 келіде Мерей Марханбетов пен қыздар арасында 78 келіден жоғары салмақта белдескен Аида Тойшыбекова Еуропа кубогінің күміс жүлдесіне ие болды. Ал ұлдар арасында 81 келіде татамиге шыққан Максим Мейірлан мен қыздар арасында 63 келіде бақ сынаған Есмигүл Куюлова қоржынды қос қоламен толықтырды. 

Нәтижесінде, Қазақстан жастар құрамасы Австрияда өткен Еуропа кубогін жалпы командалық медаль кестесінде Жапониядан кейінгі екінші орынға тұрақтады.

Айта кетерлігі, Қазақстан жастар ұлдар құрамасын аға жаттықтырушылар Азамат Мұқанов мен Айбек Имашев жаттықтырса, қыздар командасын Арсен Хатип пен Нұрбек Мықтыбеков баптап барды. 

Барлық жаңалықтар