00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Шағын футболдан Амангелді Сейітхан атындағы турнир өтті

25.02.2023 | 07:08
Елорда ақпарат
35

Еліміздің 8 өңірінен барлығы 16 команда қатысқан турнир таңнан кешке дейін созылып, шығыстағы Абай облысы мен батыстағы Атырау облыстарын да қамтыды.

Сенсацияға толы болған турнирде көрермен 5 пенальти сериясына куә болып, финалда Жетісу өңірінің "Қарекет" командасы мен Алматының КТК ұжымы кездесті. Нәтижесінде 2:0 есебімен жеңіске жеткен "Қарекет" Амангелді Сейітханды еске алуға арналған алғашқы турнирдің чемпионы атанды. Ал үшінші орынды астананың қос командасы "Экспресс-К" мен "Хабар" сарапқа салып, 2:1 есебімен жеңіске жеткен "Экспресс-К" ұжымы қола жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, Амангелді Сейітхан атындағы алғашқы турнир Отбасының ұйымдастыруымен өтті. Турнир аясында Амангелді Сейітханның құрметіне шығарылған "Жеңісті күндерде жүздескенше" кітабының тұсауы кесіліп, Қазақ Спорт және туризм академиясында Амангелді Сейітхан атындағы арнайы телестудия ашылды.

Барлық жаңалықтар