00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Тәжікстанды жеңді

24.02.2023 | 18:22
Елорда ақпарат
23

Футболдан Қазақстан құрамасы 2021 жылғы соңғы ойынын сәтті аяқтады. Тәжікстан құрамасымен болған жолдастық кездесу отандастарымыздың пайдасына аяқталды. Есеп 1:0. Ойынның 12-минутында Бактиер Зайнутдинов қарсылас қақпашысының қателігін сәтті пайдаланып, есеп ашты. Бұл мәскеулік «ЦСКА» ойыншысының құрама үшін соққан 9-шы голы. 

Естеріңізге сала кетейік, ұлттық құрама тарихындағы ең үздік сұрмерген Руслан Балтиев 13 гол соққан.

Осылайша Қазақстан құрамасы үшін 2021 жыл аяқталды. Талғат Байсуфинов шәкірттері келесі ойынын 2022 жылдың наурыз айында Ұлттар лигасының плэй-офф кезеңі аясында Молдова құрамасына қарсы өткізеді.

Барлық жаңалықтар