00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қуат Хамитов қазақ футболын жезөкшеге теңеді

24.02.2023 | 18:13
Елорда ақпарат
39

Айта кетсек, кездесу Әлем чемпионаты-2022-ге іріктеу аясында өткен болатын.

«Қазақстандағы футбол жезөкшелер сияқты. Пайдасы жоқ, бірақ ақша төленіп жатыр... Шалдар отыр. Оларға пайдалы іспен айналысып, жастарға орын беретін кез келді. Сол ақшаны науқастар мен мұқтаж адамдарға берген дұрыс», деп жазды Қуат Хамитов өзінің Instagram парақшасына.

Сонымен, Қазақстанды ойсырата жеңген Франция құрамасы турнирдің финалдық бөлігіне өтуге мүмкіндік алды. Команда 7 матчта 15 ұпай жинап, D тобының турнирлік кестесінде 1-орынға тұрақтады. Ал 3 ұпай жинаған Қазақстан соңғы 5-орында.

Парижде өткен әлем чемпионатындағы іріктеудегі сәтсіздік – Қазақстан құрамасы тарихындағы ең үлкен жеңіліс. Бұған дейін қазақстандықтар 0:6 есебімен Түркия және Ресей құрамаларынан жеңілген болатын. Нақты айтқанда, түріктерден 2005 жылдың 8 маусымында Алматыда өткен Әлем чемпионаты-2006 іріктеу турнирінде, орыстардан 2008 жылы 23 мамырдағы жолдастық матчта ұтылды.

Енді Қазақстан құрамасының келесі матчы 16 қарашада «Астана Арена» стадионында Тәжікстан командасымен өтеді. Оның өзі жолдастық кездесу болады.

Барлық жаңалықтар