00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Мәнерлеп сырғанаудан елорданың ашық чемпионаты өтеді

24.02.2023 | 18:02
Елорда ақпарат
48

"Алау" мұз сарайында өтетін жарыстарға балалар мен жасөспірімдер, сондай-ақ спорт шебері мен спорт шеберіне үміткерлер қатысады деп күтілуде. Жеке разрядтағы жарыстар Халықаралық конькишілер одағының талаптарына сәйкес ұйымдастырылады.

Жарысқа елордалық мәнерлеп сырғанаушылар да, еліміздің басқа өңірлерінен келген жас спортшылар да қатысады. Бүгінде қаланың ашық чемпионатына қатысуға 300-ге жуық өтінім қабылданды.

Турнирдің ерекшелігі – жас конькимен жүгірушілердің өнерін алғаш рет жарысқа арнайы шақырылған халықаралық төрешілер бағалайды.

Көрермендер мен жанкүйерлер Ashyq жүйесі арқылы кіреді. Сондай-ақ, чемпионат YouTube арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.

Барлық жаңалықтар