00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Әлем чемпионатының ширек финалына 10 боксшымыз шықты

24.02.2023 | 17:30
Елорда ақпарат
42

Сонымен, ширек финал жолдамасын Нұрбек Оралбай (80 келі) мажарстандық Пал Ковачпен сарапқа салған еді. Шаршы алаң төрінде қазақстандық боксшы ширақ қимылдады. Нәтижесінде төрешілер шешімімен жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Сондай-ақ қазір Серік Теміржанов (57 келі), Абылайхан Жүсіпов, Нұрқанат Райыс (75 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі), Санатәли Төлтаев (63,5 келі) ширек финалға жолдама алып отыр.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын жарыстың аталған сатысына Теміртас Жүсіпов (48 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Саматәли Төлтаев (60 келі) және Асланбек Шымбергенов (71 келі) шыққан болатын.

Барлық жаңалықтар