00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Әлем чемпионаты: бүгін үш боксшымыз жұдырықтасады

24.02.2023 | 17:14
Елорда ақпарат
32

Төртінші жарыс күнінінде қазақстандық үш боксшы рингке шығады. Күндізгі сессияда аса ауыр салмақтағы (92 келіден жоғары санат) Нұрлан Сапарбай 1/16 финалда жұдырықтасады, оның қарсыласы Испания өкілі Аюб Эль-Айсауи болады.

Кешкі сессияда 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Серік Теміржанов 1/16 финалда жапониялық Рейто Цуцумимен кездеседі. Ал 67 келіге дейінгі салмақтағы Абылайхан Жүсіпов венесуэлалық Кристиан Паласиомен жұдырықтасады.

Күндізгі сессияның тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:00-де, ал кешкі сессия 23:05-те басталады. Жекпе-жектерді Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Барлық жаңалықтар