00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Келер жылы спортшыларымыз қандай халықаралық бәсекелерде бақ сынайды

24.02.2023 | 16:46
Елорда ақпарат
38

“Келер жылы жауынгерлік өнерден және жабық ғимараттағы спорт түрлерінен (14 спорт түрі бар) Тайландтың Бангкок пен Паттайя қаласында VІ Азия ойындары, Қытайдың Ханчжоу қаласында XIX жазғы Азия ойындары (4 спорт түрінен), АҚШ-тың Алабама штатындағы Бирмингем қаласында Бүкіл дүниежүзілік ойындар (6 спорт түрінен), Түркияның Конья қаласында V Ислам ынтымақтастық ойындары (2 спорт түрінен), Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындары (21 спорт түрінен) өтеді. Бұл жарыстарға аттанатын спортшыларымыз дайындық жұмысын қазірден бастап жатыр”, – деді ол Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің жұмыс кеңесінде.

Кеңес барысында Нұр-Сұлтан қаласындағы олимпиадалық даярлау орталығының директоры Андрей Могилевский биыл атқарылған жұмыс жайлы баяндады. 

“Бүгінде біздің олимпиадалық даярлау орталығында 17 спорт түрінен 773 спортшы тіркелген.Олардың 98-і халықаралық деңгейдегі спорт шебері, 194-і Қазақстанның спорт шебері, 453-і спорт шеберлігіне үміткер. Биылғы бекітілген күнтізбеге сәйкес, жалпы 194 іс-шара өткізілді, оның ішінде елімізде өткен 154 оқу-жаттыру жиыны, шет елдерде 17 оқу-жаттығу жиыны мен 23 халықаралық жарыс бар. Осы аралықта орталық спортшылары халықаралық жарыстарда барлығы 75 медаль жеңіп алды. Оның 21-і алтын, 23-і күміс, 31-і қола. Алдын-ала жоспар бойынша 70 медаль жеңіп аламыз деп жоспарлағанбыз. Сондай-ақ, орталықтың 7 спортшысы Жапонияда өткен Олимпиадаға қатысып, каратэші София Берульцева қола медаль жеңіп алды”, – деді орталық директоры.

 

Барлық жаңалықтар