00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Тарлан» мұз айдынында отбасылық сырғанау шарасы өтті

24.02.2023 | 15:51
Елорда ақпарат
60

Аталған шараға 60-тан астам мүгедектігі бар балалар мен олардың ата-аналары қатысты.

«Біз жыл сайын ерекше балалар үшін осындай көңілді отбасылық шаралар өткізіп тұрамыз. Ондағы мақсат – бұқаралық спорт түрін дамыту. Мүгедектігі бар балалар көбіне үйіде отырады, сол себептен олардың жаңа достар тауып, қоғаммен араласқанын қалаймыз. Мұнда барлық келушілер қатыса алады. Осындай шара боларын алдын ала хабарладық», – дейді «Каспий» спортты дамыту қорының директоры Абдусаид Назаров.

Ал көпбалалы ана Жанаргүл Жапарованың сөзінше, мұндай пайдалы іс-шаралар балалардың оңалуына септігін тигізеді.

«Біз мұнда бірінші рет келіп тұрмыз. Менің баламда аутистикалық спектр бұзылыстары бар, сол себептен оған ойын терапиясы қажет, осындай шараларға барынша қатысуға тырысып жүрміз, бұл біздің ерекше балаларымыз үшін жақсы бастама»,– дейді Ж. Жапарова.

 

Барлық жаңалықтар