00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«101 жыл – 10,1 км»: Елордада Талғат Бигелдиновке арналған жарыс өтеді

10.08.2023 | 03:00
47
Фото: Қорғаныс министрлігінен

Астана Триатлон паркінде екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдиновтің туғанына 101 жыл толуына арналған жарыс өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұлан және Астана әкімдігі «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігінің спорттық шара өткізу жөніндегі бастамасын қолдады.

Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған жалғыз қазақ Талғат Бигелдинов көзі тірісінде-ақ аңызға айналды. Батырдың аспандағы ерліктері ақиқаттан алыс секілді көрінгенмен, жаудың күйреу көрсеткіштері мен әріптестерінің айғақтары бұның шындық екенін растады. Ол жайлы естелік жадымызда сақталып, ұрпақтан ұрпаққа жетуі тиіс. Біз «101 жыл – 10,1 км» жарысы қазақстандықтар үшін жақсы месседж боларына сенеміз және шараға белсене қатысады деп ойлаймын, – дейді ұйымдастырушылар.

19 тамызда өтетін жарысқа тек кәсіпқойлар ғана емес, жүгіруді жақсы көретіндер де қатыса алады.

Салтанатты ашылу рәсімі Қарулы күштер әскери қызметшілерінің, ҰҚК Шекара қызметінің және Ұлттық ұланның салтанатты сап түзеуімен басталады. 

Шара аясында Қорғаныс министрлігінің әскери ансамбльдері, Ұлттық ұлан, елорданың шығармашылық ұжымдары және құрмет қарауыл ротасының дефилесі өнер көрсетеді. Сонымен қатар жәрмеңке де ұйымдастырылады.

Барлық жаңалықтар