00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Шенеуніктердің тойына тегін салып...»: Айтыскер ақын Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жалақысын бермей қойғанын айтты

17.05.2023 | 15:00
80
Фото: ашық дереккөз

Айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай әлеуметтік желідегі парақшасында экс-продюсері – Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанованы айыптап, жазба арнады, деп жазады Elorda.info.  

Оның айтуынша, сол кезде продюсері болған Мөлдір Мұқанова ақынды шенеуніктердің тойларында өнер көрсетуге көндіріп, кейін ақшасын бермей қойған. 

Оқи отырыңыз: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі рэп айтып кетті (ВИДЕО)

Мен бұған жауап бермейін деп едім, бірақ оқырмандардың сұранысы бойынша жауап беруге тура келді. Барлықтарыңыз көрдіңіздер, менің бұрынғы продюсерім атақты әзілкеш Тұрсынбек Қабатоватың әйелі Мөлдір ханым маған жала жауып, сұхбат берген. Барлықтарыңыз көрдіңіздер. Жанындағы журналистер менің дене-бітіміме тиісіп, үстімнен мысқылдап күліп отырғандарын көріп менің қатты намысым ұстап, жүрегім ауырды. Менің намысым бар, ешкімге өзімді таптатпайтын қызбын. Өткен жолы айтқанымдай, мен ешкімнен қорықпаймын, кімнің жары болсаңыз да. Астанаға арман қуып келдім. Жас болған соң, бойымда жалын болған соң Астанаға келген болатынмын. Әкем - күзетші, анам - ұстаз. Сіздер сияқты асып-тасып жатқан байлықтары жоқ. Ата-анаманың үмітін ақтау үшін Астанаға келдім. Мөлдір ханымға жылап-еңіреп бармадым, Мөлдір ханым маған келіп жұмыс істеуді ұсынды. Астанада мені қолдайтын адам бар екен, қорғайтын адам бар екен деп келісімшартқа отырдық. Ол келісімшартта Тұрсынбек аға мен Мөлдір ханым мені  «Әзіл әлеміне» шығаруы керек болатын, киноға түсіруі керек болатын, киіммен қамтамасыз етуі керек болатын, концерттермен қамтамасыз етуі керек болатын және ай сайын айлығымды уақытында төлеп отыруы керек болатын, - деп жазды ол.

Сондай-ақ ақын Тұрсынбек Қабатов пен жары бұл талаптардың біреуін де орындамағанын айтты. 

Өкінішке орай, бұл кісілер бес тараптың біреуін де орындаған жоқ. Мені жаз бойы байлардың тойына, депутаттардың тойына, министрлердің тойына тегін салып, соңында ақшамды бермей қойды. Бір минист ағамыз домбыра сыйлаған еді, ол домбыраны Мөлдір ханым  «саған бере алмаймын, мен арқылы алдың» деп өзінің үйіне қойып қойды. Осындай адамдармен қалай жұмыс істеймін деп телефонымды алмай қойдым. Мен тек бір Алладан ғана қорқамын, басқа ешкімнен қорықпаймын. Қай жерде жұмыс істесе де, кімнің әйелі болса да. Сондықтан Мөлдір ханым, Тұрсынбек аға, маған төлемеген айлықтарыңызбен байып кете қойыңыздар. Аман болыңыздар, бірақ та менің мазамды алмаңыздар. Аяқтан шалмаңыздар. Өтірік айтып, байбалам салмаңыздар. Сау болыңыздар, қазақ елі әділдікті сүйеді, - деп жазды айтыскер ақын.

Барлық жаңалықтар