00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Саят Медеуов: Мейрамбек мен бола алмайды

11.08.2023 | 06:30
76
Фото: ашық дереккөз

Отандық әнші Саят Медеуов әншілерді Димаш Құдайбергенмен салыстырудың дұрыс еместігін айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы өнер иесі Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында мәлім еткен.

Бағдарлама жүргізушісі соңғы кезде әншілердің деңгейін Димаш Құдайбергеннің деңгейімен салыстырып бағалау тенденциясы пайда болғанын айтып, Саят Медеуовке осыған қатысты сұрақ қойды. 

«Тіпті, бұрыннан келе жатқан әншілердің өзін "Бәрібір Димаштай емес" дей салатын жағдайды көреміз. Димаш, рас, қазақтың мақтанышы. Десе де, дәл осы бағалау жүйесіне сіздің көзқарасыңыз қандай?", - деп сұрады бағдарлама жүргізуші.

Ал өнер иесі бұл бағалаумен келіспейтінін жеткізді. 

"Мен келіспеймін. Бәйгенің аты мен көкпардың атын салыстырмайсыз ғой. Сол секілді екі әншіні салыстырудың керегі жоқ. Мені қанша жерден мықты десе де, мен - Мейрамбек бола алмаймын. Мейрамбекті қанша мықты десе де, ол - мен бола алмайды. Біреуді біреумен салыстыру мүмкін емес. Рингке шығып төбелесетін бокс емес. Өнер деген -  халыққа керек дүние. Егер олай қарайтын болсақ, қазақ өнері өспейді. Бір Димашпен тоқтауы керек болады. Димаштың айтқан өлеңін мен айта алмауым мүмкін. Ал менің өлеңім оның орындауына келмей қалуы мүмкін. Сондықтан бір нәрсе деуге болмайды. Димаштың өнері, диапазоны жоғары. Ол - әлемдік деңгейде қазақты танытқан әнші. Салыстырудың керегі жоқ. Ертең сол Димашпен салыстырып, төмен қойған әншілер оған қарсы шығып, оны жек көруі мүмкін", - деді Саят Медеуов. 

Әнші сондықтан ел Димашпен мақтануы керек екенін, бірақ оны басқа әншілермен салыстырмау керек екенін айтты. 

Барлық жаңалықтар