00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Нұрлан Қоянбаев өзінің атын жамылып жүргендерден сақ болуға шақырды

01.11.2023 | 05:00
52
Фото: ашық дереккөз

Белгілі актер, продюсер Нұрлан Қоянбаев әлеуметтік желідегі оқырмандарын алданып қалмауын өтініп үндеу жариялады, деп хабарлады Elorda.info

Продюсер Instagram желісінде біреулер өз атынан жалған парақша ашып, түрлі жарнамалық ақпарат таратып жатқанын айтты. 

Ғаламторда, әлеуметтік желіде мен жайлы жалған ақапарат тарап жатыр. Менің тегімді пайдаланып, алаяқтар белгісіз сайтқа шақырып жатыр. Олар - алаяқтар! Сенбеңіздер! Алданып қалмаңыздар. Олар сіз жайлы ақпарат пен ақшаңызды тартып алуы мүмкін, - деді продюсер 

 

Желі қолданушылардың кейбіреулері актер айтқан ақпаратты көргенімен   жалған екенін бірден білгендерін жазды. 

«Ия.....сиздин атыныздан Фейк аккаунт Инстада жур деп жагзамын сизге.....Маган запрос келген де....»,  «Көрдім. Жалған екенін түсіндім»,  «Әлеуметтік желіде көрсем, шағым түсіріп отырамын»,  «Сізге осы жайлы жазғанмын», «Ескертіп қойғаныңыз дұрыс», - деп жазды желідегілер.    

Барлық жаңалықтар