00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Жасыңыз қырықтан асты...»: Айгүл Иманбаева қысқа киім киіп, елден сөз естіп қалды (ФОТО)

25.02.2023 | 08:14
Елорда ақпарат
61

NUR.KZ-тің жазуынша, Айгүл Иманбаева Instagram парақшасында саяхаты кезіндегі суретін жариялап, елден сөз естіп қалған. Желі қолданушыларына әншіні тым қысқа киім киіп алғаны үшін қатаң сынға алған.

Оқи отырыңыз: Ән айтып тұрған Айгүл Иманбаеваның шашын бейтаныс ер адам жұлып алды (ВИДЕО)

”Ұрпағымыз жалғасады”: Сәбит Әбдіхалықов Айгүл Иманбаеваны өз қолымен ұзатуға ниетті (ВИДЕО)

Оқырмандар Иманбаеваның образын тым ерсі деп санап, оған өз жасына сай киінуге кеңес берді. Ал кейбір жандар әншіні жақтап шыққан. Олар эстрада жұлдызының киімінде тұрған ештеңе жоқ деп есептейді.

«Жасыңыз қырықтан асты, бұлай киінбесеңіз де болады ғой», «Болмаса тізеге дейін кимедіңіз бе? Әйел адам жасына сай киініп жүрген дұрыс», «Тізеден түсіп тұрғанда жақсы болар еді. Мынау енді ерсілеу екен», «Бекер салдыңыз. Мына киіміңіз ұят болды», «Несі жаман? Қыздайсыз әлі де. Жарасып тұр», «Елдің сөзіне мән бермеңіз. Сізге бәрі де болады», - деп жазуда оқырмандар.

Барлық жаңалықтар