00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Алланың жазуы біледі»: Ақбота Сейітмағамбет ажырасқан азаматқа тұрмысқа шығу туралы айтты

25.02.2023 | 04:49
Елорда ақпарат
52

Өнер иесінің сөзінше, некеде жақсы немесе жаман адам болмайды. Бастысы - өз серігін жолықтыру.

Ақбота Сейітмағамбет ажырасқан ер адаммен отбасын құру мәселесіне қатысты қойылған сұраққа Instagram парақшасында жауап берді.

Алланың жазуы біледі. Әркім әр түрлі себеппен ажырасып, екі жаққа кетісіп жатады. Айналып келгенде қарап тұрсаң, некеде адамның жаман-жақсысы болмайды. Сенің адамың немесе сенің адамың емес. Осыған келіп тіреледі бәрі. Ең қиыны осыны ерте түсініп алмай, асығыс үйленудің арты ажырасуға әкеліп жатады. Ары қарай адам бақыт іздеуін тоқтата ма? Жоқ, мүмкін өз бақытын, нағыз орнын табады. Бірақ бәрі емес, - деп жазды актриса.

Айта кетейік, Ақбота Сейітмағамбет бұған дейін Дәурен Айдарқұловқа тұрмысқа шыққан болатын. Алайда әртістердің дәм-тұздары жараспай, олар ажырасып кетті. Бұл Айдарқұловтың екінші некесі болған.

 

Барлық жаңалықтар