00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Кәмшат Жолдыбаевадан ұяламын»: Жас актриса жан сырын жайып салды

24.02.2023 | 22:11
Елорда ақпарат
54

Бұл туралы ол HIT TV арнасында айтқан.

Өмірі мен бастан кешкен қызықты жайттарын әңгімелеген актриса мектептегі тәртібі, оқу орнын бітіргеннен кейінгі өмірі мен мінезі туралы жан сырын жасырмады. 

Мен мектепте сабақтан қашатынмын. Боянғаныма байланысты үнемі сөз еститінмін. Мұғалімдер ұрсатын, мен жылайтынмын. Оқушылардың көзінше шығарып, тәртіпке салмақ болады. Бірақ мен бәрібір боянатынмын. Жоғары сыныптарда қалаға гимназияға бардым. Онда қыздар әдемі киініп, боянады екен. Мен де соларға еліктеп, бойжеткен шақта өзгеріп кетті, – дейді ол. 

Актриса мектеп бітірген соң ҰБТ-дан 85 балл жинаған. Алайда оқуға түсе алмаған. Алғаш телеарнаға келіп, әншілермен жұмыс істеген. 

Мен телевидениеде әншілерге шай құятынмын. Менің жұмысым сол болатын. Шай құюмен айналыстым. Бір күні Кәмшат Жолдыбаева келді. Менен шай сұрады. Мен шай құйып апарып бердім. Бірақ лас кесеге құйыппын. Кәмшат «кесеңіз лас екен, басқа кесеге құйып бересіз бе?» деп кесемді қайтарып берді. Мен ұялып қалдым. Сол үшін әлі де ыңғайсыз сезінемін, – деді Жазира.

Ол «Айжан», «Бажалар», «Қыз жолы» сериалдарында, басқа да биографиялық фильмдерде роль сомдаған.

Мен тарихи тұлғаны сомдауды армандайтынтын. Сол арманым жақында орындалып, Қажымұқан атамыздың жарының рөлін ойнадым. Жақында көрсетіледі. Бұл – Қажымұқан  Мұңайтпасовтың 150 жылдық мерейтойына арналған фильм, – деді актриса. 

 

Барлық жаңалықтар