00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Кубада Димашқа арналған бағдарлама шықты (ВИДЕО)

19.04.2023 | 21:30
49
Фото: ашық дереккөз

Кубаның Canal Clave телеарнасында Димаш Құдайбергенге арналған бағдарлама шықты, деп хабарлады Elorda.info dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Sueno Bonito музыкалық бағдарламасының премьералық шығарылымында әншінің өмірі мен шығармашылық жолы туралы айтылды.

Еске сала кетейік, бұл – Димаштың жанкүйерлерінің ерекше ықыласының арқасында Куба телеарнасында бірінші рет көрсетілуі емес. 2020 жылдың мамыр айында Димаш алғаш рет Adagio әнімен Кубаның Cubavisión ұлттық телеарнасының De la gran Escena («Ұлы сахна») бағдарламасында алғаш рет атап өтілген еді.

Араға бір жыл салып дәл сол бағдарламада Димаштың танымал Olimpico композициясы орындалды. 2023 жылдың 15 сәуірінде Димаш Куба теледидарында Sueno Bonito («Әдемі армандаңыз») музыкалық бағдарламасының шығарылымында қайта пайда болды.

Бұл жолы қазақстандық талантты әнші Димаш Құдайбергенге 45 минуттық шығарылым арналды.

Барлық жаңалықтар