00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада «Қыз Жібек» мюзиклінің премьерасы өтті

25.07.2023 | 06:30
84
Фото: дереккөз

Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры халық жазушысы, драматург Ғабит Мүсіреповтің «Қыз-Жібек» этно-фольклорлық мюзикл премьерасын көрермен назарына ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгінгі таңда либреттосын жазушы-драматург Ғ.Мүсірепов, музыкасын халық әндері мен күйлері, халық композиторларының шығармалары негізінде композитор Е.Брусиловский жазған «Қыз Жібек» музыкалық драмасы – ұлттық операмыздың інжу-маржанына айналды. 

Музыкалық жас көрермен театрында қойылатын «Қыз Жібек» – этно-фольклорлық мюзикл болып сахналанды.

Премьераға Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Қыз Жібек» кинофильмінің басты кейіпкері Жібектің рөлін сомдаған Меруерт Өтекешова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Өнербаев және тағы да басқа қонақтар қатысты.  

Мюзиклде халық әндері мен күйлері орындалды.

Этно-фольклорлық мюзиклдің желісі – Төлеген мен Қыз Жібек, Бекежан секілді үштаған бейнелердің арасында өтті.

Қойылым соңында театр директоры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемировпен бірге сахнаға көтерілген қазақ қыздарының сұлулық эталонына айналған Қыз Жібегі – Меруерт Өтекешова театр ұжымына және актерлік құрамға спектакльдің жоғары деңгейде болғандығын атап өтті. 

Бүгінгі «Қыз Жібек» мюзикліне мен басымды иемін. Осындай табысты үлкен, одан да басқа рөлдерді ойнап, одан да жоғары деңгейге көтерілуге шын жүректен тілектеспін. Дауыстарыңыз керемет, жоғары деңгейдегі пластика, қыздар мен ұлдар бәрі жалындаған жастар! – деді ол.

Естелік ретінде Құман Тастанбеков пен Меруерт Өтекешованың «махаббат» символына айналған ақбоз ат бейнесіндегі мүсіншені басты рөлді сомдаған, Төлеген бейнесіндегі Оразалы Игілік пен Жібек бейнесіндегі Инабат Ризабековаға тарту етті. 

Сондай-ақ қойылымды тамашалауға келген көрермендерге өз батасын беріп, театр ұжымына толағай табыс тіледі.

75bf2db8-fa02-4882-ab92-fc87661c210b.jpg

Барлық жаңалықтар