00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада "Мәшһүр Жүсіптің тылсым әлемі" кітабының таныстырылымы өтті

26.09.2023 | 14:30
73
Фото: elorda.info

Астанада Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдығына орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды, деп хабарлады Elorda.info.

тусаукесер зал.jpg

Іс-шара барысында «Мәшһүр Жүсіптің тылсым әлемі» кітабының алғашқы таныстырылымы өтті. 
Altyn Qyran Foundation қоғамдық қоры, «Мәшһүр Жүсіп» қоғамдық қорының қолдауымен Ұлттық академиялық кітапханада өткен іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, зиялы қауым өкілдері, тарихшылар мен Мәшһүр Жүсіптің  ұрпақтары қатысты. 
нуртиорр.jpg

Дөңгелек үстелді  ҚР Парламенті Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп жүргізіп отырды. Модератор алғашқы  сөз кезегін кітаптың авторы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шөбересі Абай Шарапиевке берді.

авторррр.jpg

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығы жан-жақты зерттеліп жатыр, бірақ атамыздың әулиелігі, батагөйлігі, емшілік қасиеттері толықтай танылып болған жоқ. Жаңа кітапқа тарихи тұлғаның тылсым әлемі еніп отыр. Кітап сонысымен құнды деп айтуға болады. Мен 2000 жылдардан бастап атамды нақты көрген , батасын алған ақсақалдармен сөйлесіп, естеліктерін жазып алып жүрдім. Міне, биыл сол жинаған деректерім бір кітапқа топтастырылып, басылып шықты, - деді кітап авторы Абай Шарапиев.

нухы.jpg

ҚР Парламенті Сенат депутаты, Мәшһүртану ісіне зор үлес қосып жүрген Алтынбек Нұхұлы тарихи тұлғаның мерейтойына орай бұдан бұрын 20 томдық еңбектің жарық көргенін, ал жаңа кітапта ойшылдың сол жинаққа енбей қалған еңбектері қосылғанын айтты. 

Мәшһүр Жүсіптің 165 жылдық мерейтойында көрнекті тұлғаны Ертіс пен Баян өңірінде ғана емес, республика көлемінде насихаттау керек екенін айтқанмын. Оны Абайдан кем көрмеуіміз керек. Өйткені ол көрнекті ақын ғана емес, ұлы ойшыл да. Бұл ұсынысымыз да, міне, бүгін жүзеге асып жатыр. Елорданың төрінде үлкен іс-шара өткізіп отырмыз. Бұдан басқа Астанада Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының атындағы үлкен даңғыл болса деген ұсынысым бар. Әрі жаңадан ашылар көшеге  оның пір тұтқан, қадірлеген адамы Бұқар жыраудың көшесі қиылысып жатса деген тілегіміз де бар. Осыған орай Сенат депутаты ретінде қала әкімшілігіне хат жібердік. Бұл ұсынысымыз қаралып жатыр. Осы жылдың аяғында Мәшһүр Жүсіп атындағы кең даңғыл ашылмақ. Сол көшенің бойында үлкен ескерткіштің қойылуы да – уақыт үлесіндегі іргелі іс болмақ, - деді ҚР Парламенті Сенат депутаты Алтынбек Нұхұлы.

еки.jpg

Бұдан соң жиналғандар жаңа кітаптың тұсаукесер рәсімін жасап, туындының алғашқы даналарын Ұлттық академиялық кітапханаға табыс етті.
Дөңгелек үстел пікір алмасумен жалғасын тапты. Онда ұлы тұлғаның қазақ тарихындағы және руханиятындағы орны, жас ұрпаққа мұрасын жеткізу жолдары, қоғамда насихаттау мен тың зерттеулер жүргізу мәселелері талқыланды.

тусаукесер автор.jpg

Барлық жаңалықтар