00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада «Ел жүрегі – Астана» атты концерт өтті

10.12.2023 | 13:00
66

Бүгін - еліміздің елордасы Астанаға көшіріле бастаған күн. Осы тарихи датаға орай  Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясында ауқымды іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлады Elorda.info

д.jpg

Бүгін 10 желтоқсан - тарихи күн! Бұл - бұрынғы Ақмоланың Астана болған күні. Көп жылдардан кейін, міне, осы тарихи сәтті ерекше ықыласпен атап өтіп жатырмыз. Сол кездегі атқарылған ерен еңбектің арқасында бүгін елордамыз еңселі мегаполиске айналды. Алғашқы жылдары біз келгенде мұнда 200 мыңның үстінде ғана тұрғын болатын. Қазір тұрғындарының саны 1,5 миллионға тақап қалған қала. Осы кештен де шаһардың нағыз мәдениет ордасына айналғанын байқап отырмыз. Жалпы, Астанаға алғаш келген адамдар елорданың еңсесін тіктеуіне бар күш-жігерін салды деп ойлаймын. Соның бірі - өзім. Еліміздің тарихындағы ең үлкен құбылысқа қатысым бар екенін мақтаныш тұтамын, - деді Астананың құрметті тұрғыны Төлеген Мұхамеджанов. 

чел.jpg

Концертке Астананың іргетасын қалаған, дамуы мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан барша жан қатысты. Оның ішінде сәулетшілер, құрылысшылар, ұстаздар мен дәрігерлер, мәдениет қызметкерлері, тәртіп сақшылары, мемлекеттік және коммуналдық қызмет өкілдері, сондай-ақ шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлер мен әр саланың майталман мамандары болған еңбек ардагерлері бар. 

дж.jpg

Бүгін 10 желтоқсан - Қазақстанның елордасы Астанаға көшіріле бастаған күн. 

Мен бірталай жылдардан соң Астанамыздың адам айтса сенгісіз өзгергенін айтқым келеді. Алдымен, инфраструктураның дамығаны менмұндалап тұр. Денсаулық сақтау саласын айтсақ, мұнда тұтастай медициналық кластер бар. Ең бастысы, бүгінде астаналықтардың келбеті өзгерген. Адамдар ашық бола түскен, білімді бола түскен. Олар әрқайсысы елорданың одан әрі дамуына үлесін қосуға ниетті. Иә, Астананың келбетін көріп, билік пен халықтың сіңірген еңбегін сезінесің, кеудеңді мақтаныш кернейді, - деді Еуразиялық медицина ассоциациясының вице-президенті Надежда Петухова. 

баекен.jpg

Концертті ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қайрат Баекенов  «Астана» әнімен ашқан соң, жүргізушілер бүгінгі тарихи күннің маңызын айтып, елорданың дамуына үлес қосушы барлық астаналықтарды атаулы күнмен құттықтады. 

Еркеш Шәкеевтің әні  «Первое утро столицы» атты әнді халықаралық байқаулардың лауреаттары  Диная және Ален Самыкен шырқады.  Әсем ән мен «Астаналық цирк» әртісі Тимур Ақтотының өнерін тыңдарман тебірене тамашалады.

олен.jpg

Келесі кезекте Астана қаласы Музыкалық жас көрермен театрының әртістері ару қала туралы өлең шумақтарын оқып, қазақ вальсінің королі - Шәмшінің әндерінен папури орындады. 

би.jpg

Сахна төріне көтерілген елордамен замандас «НАЗ» мемлекеттік би театры «Дайрабай» биін мың бұрала билеп, көрерменге керемет қойылым қойды. 

Осы аралықта жүргізушілер көрермендерге Астана туралы викториналық сауалдар қойып, сұрақтың жауабын дәл тапқандарға сый-сияпат ұсынып, көптің көңілін бір серпіп алды. 

кобиз.jpg

Әрі қарай «Қорқыт» этно-фольклорлық ансамблі, Астана қаласы филармониясының дəстүрлі əншілері, Рамина Сатыбалды және «Айналайын» балалар хоры өнер көрсетті. 

Астана қаласы филармониясының камералық оркестрі А. Вивальдидің «Гроза»,  камералық хоры «Астана кеші» шығармаларын, ал осы өнер ұжымының солистері вокалдық дивертисментті ұсынды. 

ук.jpg

ҚР еңбек сіңірген əртісі Секен Тұрысбеков жəне ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ренат Гайсин «Ақжауын», Халықаралық «Славян базары» байқауының лауреаты Әміре «Қыздар-ай», астаналық жас әнші, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Мәди Сыздықов “Атамекен” әндерін шырқады. 

Ал концерт Қазақстанның Халық әртісі, Еңбек Ері Роза Рымбаеваның “Астанам - ақ ордам” әнімен өз мәресіне жетті.

Барлық жаңалықтар