00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Димаштың бейнебаяны Чехияда бесінші апта қатарынан алғашқы орынды бермей тұр

15.07.2023 | 12:20
49
Фото: ашық дереккөз

 Чехиялық  OCKO.TV  музыкалық телеарнасыДимаш пен Әбілмансұр Құдайбергеннің «Together» бейнебаянын ТОП-20 үздік музыкалық бейнелердің дауыс беру тізіміне енгізді, деп хабарлады Elorda.info  dimashnews.com сілтеме жасай отырып. 

Отандық эстрада жұлдызының жаңа бейнебаяны соңғы 5 аптада тыңдармандар рейтингі бойынша бірінші орыннан түспей тұр. 

Чехиядағы алғашқы «ÓČKO» музыкалық телеарнасы 2002 жылдың 1 қазанында эфирге шыға бастады. Телебағдарламаның негізгі бөлігін отандық және шетелдік орындаушылардың бейнеклиптері құрайды. Сондай-ақ, арна эфирінде концерттер мен ән шарттары көрсетіледі.

Димаш Құдайберген алғаш рет Чехия телеарнасында 2021 жылдың 10 ақпанында өзінің «Golden» музыкалық бейнебаянымен таныстырылды.

Айта кетейік биыл маусымның соңында Куала-Лумпурда  Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтті. Axiata Arena-да алғаш рет қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптары ойнап, қазақ әндері орындалған болатын.  

Барлық жаңалықтар