00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанада мәдениетті сақтау ерекше маңызды – Жеңіс Қасымбек

20.10.2023 | 18:19
54
фото: дереккөзден

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Jibek joly телеарнасына берген сұхбатында қоғамдағы мәдениет пен жауапкершіліктің маңыздылығы туралы айтты, деп хабарлады Elorda.info

Әкім сұхбатында елордалық еріктілер қамқор тұрғындармен бірге Солтүстік Ирландиямен өткен матчтан кейін «Астана Арена» стадионындағы қоқыстарды шығарып, мәдениеттілік танытқанын еске салды.

Астанада мәдениетті сақтау ерекше маңызды деп есептеймін. Елорда өзгелерге үлгі болуы керек. Тіпті кейбір қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері сабақ ретінде қабылдануы тиіс. Мәселен, кеше ғана Сәтбаев көшесін абаттандыру жұмыстарын аяқтасақ, бүгін біреулер әлденені бұзып үлгерді. Құқық бұзушымен  қоғам болып күресуіміз керек. Ондай әрекеттермен күресу біздің әрбіріміздің міндетіміз. Сондықтан тәрбиені мектептен, үйден бастау керек. Қаламызда білім және мәдениет мәселелеріне басымдық берілген. Бұл туралы Мемлекет басшысы бір емес, бірнеше рет айтты», – деді Жеңіс Қасымбек.

Жалпы, әкім елорда әкімдігінің жұмысындағы маңызды бағыттар – бұзақылықпен күрес, өскелең ұрпақты тәрбиелеу, қаланы абаттандыру және т.б. екендігіне тоқталды.

Салтанат Мұратқызы

Барлық жаңалықтар