00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада «Қыз жиырмаға толғанда» қойылымының премьерасы өтеді

31.03.2023 | 23:56
Елорда ақпарат
82

Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында 11, 12 наурыз күндері сағат 18.00-де «Қыз жиырмаға толғанда» қойылымының премьерасы өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Қойылымның жанры – мелодрама. Туынды авторы – Сұлтанәлі Балғабаев. Қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәурен Серғазин. Қоюшы суретшісі – Қанат Мақсұтов. Киім үлгісінің суретшісі – Алма Сырбаева.

С.Балғабаевтың «Қыз жиырмаға толғанда» пьесасы Жібек есімді кейіпкердің 20 жасқа толған туған күн кешінде болған оқиғалар негізінде өрбиді. Туындыда ұлы сезім махаббат мәселесі қозғалады. Қала мен ауылдағы сезім турасындағы қайшылықты ойлары, түсініспеушіліктер басты қақтығыс тудырады. Үлкен буын мен жастардың махаббатқа қатысты қарым-қатынастары, отбасылық тұтастық терең зерделенеді.

Риясыз көңіл мен қызғаныш, шындық пен жалған, адалдық пен арамдық арпалысқа түскен «Қыз жиырмаға толғанда» мелодрамасында шынайы махаббат әспеттеліп, әділеттілік салтанат құрады.

Спектакльдің актерлік құрамында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Нөгербек, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты Ботагөз Мақсұтова, ҚР «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Әбілмансұр Серіков, Қобыланды Болат, Бегімнұр Қалила, Арай Омарова, Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының иегерлері Олжас Жақыпбек, Жанат Оспанов, Ақжол Мамыр, Бәзіл Сұлтанғазы, Динара Егубаева бар.

Барлық жаңалықтар