00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада «ҮЙЛЕНУ» музыкалық комедиясының премьерасы болады

31.03.2023 | 23:35
Елорда ақпарат
49

Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры наурыз айының 3,4,5 күндері сағат 18.00-де «ҮЙЛЕНУ» музыкалық комедиясының премьерасын ұсынады, деп хабарлады Elorda.info.

Туынды авторы - Еркін Жуасбек. Режиссері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов. Жанры – музыкалық комедия. Композитор – Серікжан Әбдінұров. Қоюшы суретші - Берік Бурбаев. Хормейстер – Ержан Сансызбаев. Хореограф – Салтанат Сұңғат. Киім үлгісінің суретшісі – Шынар Елембаева. Спектакль театрдың Халық аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен өтеді. Дирижер – Маралжан Мырзақұлова.

Спектакль ішінде қазіргі уақыттағы байлық пен мансапқа деген қызығушылық, адалдық пен сатқындық, жақыбайлық пен іштарлық атаулы адам болмысындағы мінез-құлық ерекше бейнеленіп, оқиға бойы ол сатира мен юмор арқылы өз сыбағасын алып отырады. Қойылым бойы оркестр ойнаған музыка комедияны одан сайын жандандырып, құлпыртып, толықтырып отырады.

Спектакльде І құрамда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Мейрам Қайсанов, Лейло Бекназар, Жанқалдыбек Төленбаев, актер Дастан Әлімов, Әнуарбек Бектас, актриса Айнұр Жетпісбаева, Динара Егубаева, Диана Жолдыбек, ҚР «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері Алтынгүл Серкебаева, Жасұлан Ерболат ойнаса, ІІ құрамда Қазақстанның еңбек сіңіпген қайраткері Ерлан Малаев, Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының иегерлері Сая Тоқманғалиева, Шах-Мұрат Ордабаев, актриса Гауһар Жүсіпова, театрдың жас артистері - Бекарыс Шалқар, Біржан Жүнісов, Айдана Әбенова, Гауһар Исмаилқызы, Ситора Анварова, Бейбарыс Орман ойнайды.       

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар