00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Прагада Қазақстан халқының мәдениет күндері өтіп жатыр

31.03.2023 | 17:19
Елорда ақпарат
39

Қазақстан елшілігі мен «Елім-Ай» мәдени орталығының қолдауымен Прагада Қазақстан халқының мәдениет күндері фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстандық дипломаттар қонақтарға қазақ-чех мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы жетістіктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.  

Чехия Мәдениет министрлігі Халықаралық қатынастар департаментінің директоры Петр Хниздо өз сөзінде: «Қазақстанның мәдениет күндері Қазақстан мен Чехия арасындағы екіжақты байланыстарды нығайтуға елеулі үлес қосады, мұндай шаралар біздің уақытта маңызды. Қазақстан мәдениеті көп қырлы және бірегей, ал халықтың тарихы жарқын және терең», - деп атап өтті.

 Чех көрермендер әртүрлі музыкалық және өнер ұжымдарының қойылымдарын тамашалауға мүмкіндік алды. Фестиваль аясында «Қазіргі Қазақстан» фотокөрмесі, «Менің Отаным – Қазақстан» балалар суреттерінің көрмелері ұйымдастырылды.

 Ашылу салтанаты бағдарламасының концерттік бөлігінде Орта Азия халық фольклорлық топтары, қазақ күйлерінің орындаушылары өз өнерлерін көрсетті, ал Прагада оқып жатқан қазақ студенттері белгілі қазақ шығармаларын орындады.

Фестиваль екі аптаға созылады, оның аясында қазақтың белгілі қоғам және саяси қайраткерлері, ақын-жазушылар, мемлекет қайраткерлері Қаныш Сәтбаев, Жүсіпбек Аймауытов, Шоқан Уәлиханов, «Алаш» қоғамдық-саяси қозғалысының жетекшісі Ахмет Байтұрсыновқа арналған деректі фильмдер көрсетіледі және Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері мен Семей ядролық полигонының жабылуының 30 жылдығына арналған фотокөрмелер өтеді.

Барлық жаңалықтар